×

Қаржы министрі Ресейге тасымалданған дрондар туралы сұраққа жауап берді

Егер санкцияланған тауарларды анықтасақ, әрине, тиісті шаралар қолданамыз, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2023 | 13:56
фото: ашық дереккөз

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан арқылы Ресейге тасымалданған дрондар мен микрочиптер туралы сұраққа жауап берді.  

Бүгін ол БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында қазақстандық компаниялардың Ресейге Қытайдың дрондары мен батыс микрочиптерін жіберіп жатыр деген ақпаратты тексеретінін айтты.

Оның айтуынша, сәуір айында елімізге АҚШ пен Еуропадан арнайы делегация келген болатын. Сол кезде Қаржы минимстрлігі шетел делегациясымен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде қандай да бір қауіп төнетін тауарлар Ресейге тасымалданатын болса, Батыс елдері бізге тізім береді. Сол тізімді біз дұрыстап, мұқият қарайтын боламыз. Біздің мақсатымыз – санкцияланған тауарларға жол бермеу. Егер санкцияланған тауарларды анықтасақ, әрине, тиісті шаралар қолданамыз. Бізде тиісті келісім бар. Егер сол келісім бойынша бізге ақпарат түссе, ондай тауарларды жібермейміз. Жалпы кез келген кәсіпкерді ұстап, оны қандай да бір тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз ғой. Нақты компания бойынша ақпаратты тексереміз, – деді ол.

Қаржы министрі күдікті компаниялардың тізімінде журналистер айтқан компаниялар жоқ екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама