Halyq Uni логотип
×

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қақпасына салынған шайба дауға айналды (ВИДЕО)

Бутенко қақпаның орнынан қозғалғанына кінәлі болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2023 | 11:19
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қақпасына салынған шайба дауға айналды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын өткізді. Соңғы ойында ұлттық құраманың хоккейшілері Словения командасымен кездесіп, 4:3 есебімен ұтты. Ал оның алдында Латвия құрамасымен ойында отандастарымыз 7:0 есебімен жеңілген болатын. Осы матчта Латвияның Қазақстан қақпасына салған үшінші шайбасы дауға айналды.

Екінші кезеңнің басында Мартинш Дзиеркалс үшінші шайбаны соққанда, ол спортсүйер қауым үшін өте даулы болып көрінген. Бірақ гол есептелді. Осы мәселе туралы хоккей сарапшысы және судья Гинтс Звиедритис Sportacentrs.com порталына неліктен шайбаның есептелгенін түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, Дзиеркалс Қазақстанның қақпасына шайбаны дұрыс бағыттай алмай, қақпашы Андрей Шутовқа соғылып, оны абайсызда құлатты. Судьялар жазбадағы эпизодты қайта қарап, шайба олар орнынан қозғалмастан бұрын қақпа сызығын кесіп өткенін анықтады.

Дзиеркалс Қазақстан құрамасы қақпашысының құлағанына, өзімен бірге қақпаны іле кеткені үшін кінәлі емес. Оның үстіне төрешілер Дзиеркалсты Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бутенко артқы жағынан ұстап қалған. Сол себепті, латыш хоккейшісі қақпашы Шутовпен соқтығысып, оны жапыра кетті деп есептеді. Сондықтан төрешілер Дзиеркалсқа қарсы ойын ережесі бұзылды деп есептеді. Осындай жағдайда шайба қақпаға кірсе немесе қақпа қозғалып кетсе де голды санау керек, – деді Гинтс Звиедритис.

Оның пікірінше, төрешілер қақпаның орнынан қозғалғанына Қазақстан құрамасының ойыншысы Бутенко кінәлі деген шешімге келген. Сол себепті гол есептелген.

Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатында 6 матч ойнап, 4 ұпай жинады. Ұлттық құрама булиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңсе, Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5, Канададан 1:5 есебімен ұтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама