Ресейдің Бахмутты басып алғаны – жалған ақпарат - Зеленский
Жауынгерлер Отанды қорғаудың үлгісін көрсетіп жатыр, - деді ол
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Қарулы күштерінің Бахмутты басып алғаны жалған ақпарат екенін айтты. Бұл туралы ол Жапонияның Хиросима қаласында өткен баспасөз мәслихатында қойылған сұраққа жауап бергенде мәлімдеді.
Оның айтуынша, Украина әскері Бахмутты бір жылға жуық уақыт бойы қорғап келеді. Жауынгерлер Бахмутта «Вагнер» жалдамалылардың соққысына қарсы тұрып, Отанды қорғаудың үлгісін көрсетіп жатыр.
Қазір мен әскерилердің тактикасы туралы айта алмаймын. Өйткені соғыс кезінде оны дүниежүзіне айту дұрыс емес. Бір ғана айтайын дегенім, жақын арада біздің қаһарман сарбаздарымыз жауды өз жерімізден қуып шығады. Ол үшін бізде ерік-жігер мен күш-қайрат бар. Сондықтан Ресей Қарулы күштерінің Бахмутты толығымен басып алғаны туралы ақпарат – жалған, – деді Зеленский.
Сонымен бірге ол Бахмуттың кезінде атом бомбасы тасталған Жапонияның Хиросима қаласымен ұқсас жағдайда екенін айтты.
Қазір Бахмут Хиросима қаласына ұқсас жағдайда болып тұр. Қаланың сау жері қалмаған. Мен болашақта Бахмуттың Хиросима сияқты қайта салынып, үлкен қалаға айналатынына сенемін, – деді ол.
Осының алдында Украина Қарулы күштері жаяу әскерлерінің қолбасшысы, генерал-полковник Александр Сырский де украин жауынгерлерінің Бахмуттың бір бөлігін жауға бермей, қорғап тұрағнын айтқан еді.