Сондай-ақ Тоқаевтың туыстарының қандай қызметтерді атқара алмайтыны айтылды
Елбасыға қатысты заңнаманы өзгерту мәжілістің күн тәртібінде тұрған жоқ. Әділет министрлігінің тұңғыш президент туралы заңға өзгеріс енгізуге бастама жасауғы құқығы жоқ, деп мәлімдеді әділет министрі Қанат Мусин.
Тұңғыш президент туралы заң жайында айтсақ, тағы да қайталаймын, Қазақстан Конституциясы бойынша заңнамалық бастама жасау құқығы үш субъектіге – президентке, үкіметке және парламент депутаттарына тиесілі. Әділет министрлігі мемлекеттік орган ретінде заңнамалық бастама жасай алмайды. Соған орай, тұңғыш президент туралы заңнаманың күшін жою немесе өзгертулер енгізу туралы парламентке ұсыныс енгізуге құқығы жоқ, - деді Мусин ОКҚ брифингі барысында.
Министрдің айтуынша аталған заңға өзгертулер Қазақстан қоғамының пікірін ескеріп, енгізіледі.
«Бұл мәжіліс депутаттарының, сонымен қатар заңнамаға бастама жасай алатын өзге де субъектілердің өкілеттіктері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан «заңнамаға өзгертулер енгізіле ме?», «қашан енгізіледі?» деген сауалға жауап бере алмаймын. Өйткені бұл мәселе парламент мәжілісінің күн тәртібінде тұрған жоқ. Уақыт көрсетеді», - деп толықтырды ол.
Бұған дейін Тоқаевтың туыстарының қандай қызметтерді атқара алмайтыны айтылды.