Әкім қанша жалақы алатынын сұрай беретін журналистерге реніш білдірді
Облыс басшысы тиісті ақпараттың бәрі ашық дереккөздерде тұрғанын айтты
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтан журналистер жалақысы қанша екенін сұрады.
Еске сала кетсек, ол былтыр бұл сұраққа жауап бермей кеткен болатын. БАҚ өкілінің жалақыға қатысты сұрағына: «Мен сізден айлығыңыз қанша деп сұрамаймын ғой» деген еді. Бұл жолы қанша жалақы алатынын ренішпен айтты.
Қолыма 1 миллион 900 мың теңге аламын. Бұл жүз рет айтылды, басқа сұрақтар бар ма? Ашып көруге болады, ол барлық жерде жазылған. Брифингке дайындалу керек еді. Интернетті ашса, бәрі бар, - деп жауап берді Ералы Тоғжанов.