Halyq Uni логотип
×

Эммануэль Макрон Ресейдің Украинамен соғыста «геосаяси жеңіліске» ұшырағанын айтты

Айтуынша, Ресей Қытайдың вассалдық мемлекетіне айналып барады

 Еркеғали Болатұлы 15.05.2023 | 10:55
Эммануэль Макрон Ресейдің Украинамен соғыста «геосаяси жеңіліске» ұшырағанын айтты
фото: vojna-v-ukraine.com

Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеудің ұтылуы Қытайға тәуелділігінен, сондай-ақ Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруінен байқалатынын жеткізді.

Айтуынша, Ресей Қытайдың вассалдық мемлекетіне айналып барады. Сонымен қатар Франция президенті Еуропаны Украинаға келіссөздерді дайындауға көмектесуге шақырды.

Еуропалық қауіпсіздіктің архитектурасы толығымен Украинаға дейін созылуға тиіс. Ресей әскери жолмен жеңіске жетпеуі керек, - деді ол.

Бұл ретте Эммануэль Макрон Ресеймен текетіреске жол бермеу керектігін де алға тартып отыр.

Бұған дейін Елисей сарайы Макронның Украина президенті Владимир Зеленскийді 14 мамыр күні кешке жұмыс кешінде қабылдайтынын хабарлаған еді. Кеш барысында Киевтің «шұғыл әскери және гуманитарлық қажеттіліктері» мен Францияның Украинаға көрсетіп жатқан қолдауы туралы сөз қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама