Менде бәрі қазақша. Қысылып, қорқып жүретін құлдық санада емеспін! – Жәнібек Әлімханұлы

Дастан Жұмабекұлы

Ешқашан қазақша сөйлеуден қысылмаймын, - деді ол

Фото: ашық дереккөз

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде оқырманның мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарына жауап берді. Оқырманның бірі боксшының шетелде не себепті ана тілінде ғана сөйлетінін, сұрақтарға неге қазақ тілінде ғана жауап беретінін сұрағанда Жәнібек Әлімханұлы қай жерде жүрсе де мемлекеттік тілге құрмет көрсететінін айтты.

Менде бәрі қазақша. Менің тілімді, менің үнімді әлем естісін! Мен елі үшін жанын берген батырлардың, ұлтының ертеңіне алаңдаған алаштықтардың ұрпағымын. Аллаға шүкір! Мен әлем алдында қазақша сөйлеуден, ірі сөйлеуден ешқашан қысылмаймын. Қанымда мен ұялатын нәрсе жоқ! Мен қысылып, қорқып, жалтақтап жүретін құлдық санада емеспін! Себебі, мен – қазақпын. Менің өмірімнің стилі – QAZAQ STYLE! Жеңісті күнде жүздесейік, Қазақ елі! – деді ол.

Еске сала кетсек, 14 мамырда орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен қолғап түйістіреді. Олар жақында жекпе-жек алдында көз арбасты. Осы жерде де ол қазақша сөйлеп, чемпиондық атақты қорғай бермей, титулдарды жеңіп алғысы келетінін айтты.

Боксшылар ресми баспасөз мәслихатын да өткізді.

Енді 14 мамырда олар АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сктоктон қаласында жекпе-жекке шығады.