Halyq Uni логотип
×

Түркия президенттігіне үміткер Ресейді айыптады

Біздің елден қолдарыңызды тартыңыздар! – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2023 | 12:27
Түркия президенттігіне үміткер Ресейді айыптады
Фото: ашық дереккөз

Түркия президенттігіне үміткер Кемал Қылышдароғлы Ресейді сайлауға араласты деп айыптады.

Қымбатты орыс достарым, сіздердің арандатумен айналысып жатқандарыңыз әшкереленді. Егер 15 мамырдан кейін Түркия мен Ресей достығы үзілмесін десеңіздер, Түркиядан қолдарыңызды тартыңыздар! – деді Ол Twitter-де.

«Мемлекет» патиясының төрағасы Мухаррем Инже сайлауға қатысудан бас тартып, халықты өзінің саяси додадағы қарсыласы болған Кемал Қылышдароғлыға дауыс беруге шақырды. Президенттікке тағы бір үміткер – елдің қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған «АК» партиясының атынан сайлауға түсіп отыр. Ол сайлауалды бағдарламасында адам құқықтары, технологиялар, білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығын дамытуды ұсынды.  

Кемал Қылышдароғлының да сайлауалды бағдарламасы Ердоған партиясының құжатымен ұқсас. Дегенмен халықтың көбі Ердоғанға емес, Қылышдароғлыға дауыс беретін сияқты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама