Бірінші орын алуым керек – боксшы Санжар Тәшкенбай (ВИДЕО)
Бұйырса, мұнымен тоқтамаймыз, - деді ол
Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан ұлттық құраманың 48 келі салмақтағы өкілі Санжар Тәшкенбай жарыс туралы пікір білдірді.
Айта кетсек, ол кеше ¼ финалда жапониялық Казумо Аратакені жеңген еді.
Ассалаумағалейкум! Ойдағыдай жартылай финалға шықтық, жеңіске жеттік. Бұл қарсыласпен екінші рет кездесіп тұрмын. Бапкерімізбен тактика құрып, Аллаға шүкір, ол орындалды. Қолдауларыңызға рахмет, оны сезініп жатырмын! Бұйырса, мұнымен тоқтамаймыз. Бірінші орын алып келу керек! – деді Санжар.
Ертең Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен шаршы алаңға шығады.