Halyq Uni логотип
×

Халықаралық бокс федерациясына Бибосыновтың жеңілісін мойындамаған шағым жолданды

Ол бірінші және екінші раундта қарсыласынан басым түскен

 Еркеғали Болатұлы 07.05.2023 | 18:00
Халықаралық бокс федерациясына Бибосыновтың жеңілісін мойындамаған шағым жолданды
фото: AFP 2023/LUIS ROBAYO

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов үндістандық қарсыласынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған еді. Осыған байланысты Қазақстанның бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясына шағым түсірді.

Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

Қазақстан бокс федерациясы (IBA) Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёвтің атына отандасымыз Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолдады. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі ережеге сай аппеляция беруге рұқсат етілмейді. Тек жекпе-жекте төрешілер бағасы 3:2 немесе 2:3 болса ғана шешім қайта қаралады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатын Сәкен Бибосынов екінші айналымда бастап, Үндістан өкілі, Азия біріншілігінің жүлдегері Дипак Кумардан ұтылып қалған болатын. Алайда спорт сарапшылары мен жанкүйерлер қазақстандық боксшының жеңілмегенін жарыса жазысып жатыр. Олардың пікірінше, Сәкен Бибосынов бірінші және екінші раундта қарсыласынан басым түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама