×

Мұғалім тест тапсыру кезінде көз жұмды: Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады

Қазір тексеру жүріп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 14.04.2022 | 15:50
фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған.

Қаланың білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл соңғы 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі, – дейді орталық.

Ұстаздар ұлттық біліктілік тестілеуді 2018 жылдан бастап тапсырып келеді. Сондай-ақ бекітілген санатына байланысты 230 мыңнан астам адам жыл сайын жалақының 30-50% мөлшерінде қосымша төлем алады. Аттестация ерікті сипатқа ие. Педагогтер еңбекақысына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша, расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақша төленеді. Егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама