«Вагнердің» басшысы әскери шенеуніктерді айыптады
Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Украинаның Бахмут қаласында жалдамалы содырлардың қырылып жатқаны үшін Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен РФ Қарулы күштер бас штабының басшысы Валерий Герасимовты кінәлап, аямай балағаттап тастады. Ол мәйіттерді видеоға түсіріп көрсетті.
Шойгу, Герасимов қару-жарақ қайда?! Сендер қымбат клубтарда қыдырып жүргенде, ал балаларың YouTube-те роликтер түсіріп мәз болып, еш алаңсыз өмір сүріп жатқанда мына сарбаздар өмірмен қоштасып жатыр. Мына қаза тапқан адамдарға қараңдаршы! Қанның өзі әлі кеппеген. Әлі ыстық.
Олар бүгін сендер үшін ажал құшты. Сендер не, өздеріңді дүниені тіреп тұрмыз деп ойлайсыңдар ма? Қоймада снарядтарың болса сендерге бәрін істеуге бола ма?! Егер қару-жарақты дер кезінде берсеңдер нелерің кетеді? Қару-жарақ болса біздің жігіттердің өлімі бес есеге азаятын еді ғой. Олар осы жерге өз еркімен келді. Олар қымбат қызыл ағаштан жасалған кабинетте отырған сендер үшін қырылып жатыр, – деп әскери шенеуніктерді айыптады.
Бұған дейін Пригожин Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылға шыққанын айтқан еді.