Ойқы-шойқы жолдар: Депутат Солтүстік Қазақстанның проблемасын көтерді
Ол өңірдегі бұзылған жолдарға үкімет назарын аударды
Ерік Сұлтанов өзінің депутаттық сауалында автомобиль жолдарының жағдайы нашар екеніне тоқталды. Сенатордың айтуынша, мәселенің мәні мен маңызына, сондай-ақ кейбір жобаның «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілгеніне қарамастан бүгінге дейін мәселе шешілмей отыр.
Сұлтанов мысал ретінде Ресей шекарасынан Петропавл қаласына дейінгі М-51 жолын жаңғырту барысы туралы айтып берді. Депутат сонымен қатар «Жезқазған – Петропавл», «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Омбы» автожолдарының жай-күйіне қатысты мәселелерді де қозғады, – дейді сенат.
Ерік Сұлтанов осыған байланысты өңірдің және жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік әсер ететін Солтүстік Қазақстан облысының автомобиль жолдарын жақсарту бойынша жедел шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.