Halyq Uni логотип
×

«Қызметкерлерді қорлап, итеріп жіберген»: әуе компаниясы домбыра дауына қатысты түсінік берді

Әуе компаниясы деструктивті жолаушыларға тиісті шараларды қолдануға мәжбүр

 Еркеғали Болатұлы 05.05.2023 | 11:45
«Қызметкерлерді қорлап, итеріп жіберген»: әуе компаниясы домбыра дауына қатысты түсінік берді
коллаж: stan.kz

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай өзін Fly Arystan бортсеріктерінің домбырамен ұшаққа кіргізбей қойғанын айтты. Алайда ол бортсеріктердің талабына көнбей, сонда да ұлттық аспаппен ұшаққа отырған.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас тудырды. Оқиға туралы әуе компаниясы түсініктеме берді.

Ережеге сәйкес, музыкалық аспапқа бөлек орын сатып алынады, алайда ақын тарапынан ол орындалмаған. Сонымен қатар Айшолпан Тілеутай қызметкерлерді қорлап, итеріп жіберді, - деп хабарлады әуе компаниясы.

Бейнематериал кадрларын, сондай-ақ әуе компаниясы қызметкерлерінің есебін тексеру қорытындысына сүйенсек, жолаушы қызметкерлердің ережені түсіндіруге тырысқанына қарамаған. Бірақ рейсті кешіктірмеу үшін жолаушыны ұшақтан шығармау туралы шешім қабылданған.

Өйткені мұндай жағдайда қауіпсіздік ережелеріне сәйкес барлық жолаушыны түсіріп, оларды қайта тексеру қажет болады. Дәл осындай жағдай қайталанған жағдайда әуе компаниясы деструктивті жолаушыларға тиісті шараларды қолдануға мәжбүр болады, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әуе компаниясы дәстүрлер мен ұлттық құралдарды құрметтейтінін, бірақ жолаушылардың мәртебесіне немесе танымалдылығына қарамастан, талап барлығына бірдей екенін алға тартып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама