Halyq Uni логотип
×

«Мәңгүрттер»: тағы бір экс-депутат арандатумен айналысқан

Павел Афанасьевтің жазбасына наразылар көбейіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2023 | 15:09
«Мәңгүрттер»: тағы бір экс-депутат арандатумен айналысқан
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің бұрынғы мүшесі, Петропавл қаласы мәслихатының экс-депутаты Павел Афанасьевтің облыс орталығының атауын Қызылжарға өзгертуді талап етіп жатқан халықты «мәңгүрт» деп атағанына наразылар көбейіп жатыр.

Мен Петропавл қаласының Қызылжар деген тарихи атауына өзгертілуіне қарсымын. Облыс пен қала атауын өзгертуді талап етіп жатқандар – еліміздегі бейбітшілік пен саяси тұрақтылыққа қарсы шығып жатқандар. Қала атын өзгерткісі келетіндер – еліміздің көпұлтты мемлекет болғанын көре алмайтындар. Ал, «мәңгүрттер», Петропавловск қаласының атын өзгерткілерің келсе, алға! – деп жазған ол.

Афанасьевтің бұл жазбасы 2022 жылы жарияланған. Сол кезде ол мәслихатта депутат болыпты. Оның қазақты «мәңгүрт» дегені бірінші рет емес екен. 2017 жылы да солай деген көрінеді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама