Бұған дейін Жигули Дайрабаевтың екі ұлына сот үкімі шықты
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев желіде тараған ақпаратты жоққа шығарып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Меркі ауданының тұрғыны видео жариялап, Дайрабаевтың 120 млн теңге тұратын үйін заңсыз иемденіп алғанын мәлімдеді.
Кім болса да, үй алған кезде құжаттарын толық тексереді. Үйдің қожайыны арқылы келісіп, нотариус арқылы заңды түрде алдық. Ерлі-зайыптының арасында қандай жағдай болғаны туралы әңгіме біз үйді алғаннан кейін шықты. Оған біз жауап бермейміз. Оған заң органдары жауап береді. Менің депутат болғанымды, лауазымымды пайдаланып, мүмкін бопсалап...Менің шашылып жатқан дүние жоқ, сондықтан оны заң органдары шешеді деп ойлаймын, - деді Жигули Дайрабаев.
Депутат Меркі ауданында бір метр де жері жоқ екенін айтты.
«Кеңес ауылындағы азаматтарға келсек, 2000 жылдары көп жер игерілмей жатты. Ол компанияда жұмыс істедік. Ешкімге «жеріңді өткіз» деген жоқпыз. Компанияға жерін берді, біз ол жерге егін ектік. Жүгері, қызылша ектік. Сол азаматтардың көбі сол жерде жұмыс істеді. Компанияда 350-500 адамға дейін жұмыс орны ашылды. Менен кейін де ол компанияда 4-5 адам жұмыс істеді. Кей азамат саясатқа байланысты... менің де жақшаның ішіндегі жолдасым көп қой. Сондай оймен біреулер айтақтауы мүмкін. Банкке өтіп кеткен шаруалардың жерін қайтаратын уақыт келді. Депутат болса да, болмасам да ауыл шаруашылығы мәселесін көтеретіп жүрген азаматпын», - деп түйіндеді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін Жигули Дайрабаевтың екі ұлына сот үкімі шықты.