×

Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға «кеңес» берген алматылық депутат мандатын өткізу туралы шешім қабылдады

Amanat партиясы атынан сайланған депутат халықтан, партияластарынан кешірім сұрады

 Халық үні 02.05.2023 | 17:48
фото: Анна Башинская, Владимир Зеленский

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматы қалалық мәслихатының депутаты Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге «кеңес» беріп, көпшіліктің ашуын туғызды.

Депутат Deutsche Welle басылымының Facebook парақшасындағы жазбасына «Зеленский мырза, дұрысы Түркия! Ол жақта жыл бойы жылы» деген пікір қалдырған.

Deutsche Welle басылымында жарияланған жазбада Украина президентінің қарсы шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді, соның ішінде Қырымды да қайтарып алатыны сөз болған.

Мәслихат депутаты Анна Башинская сол пікірінен кейін Facebook парақшасында көпшіліктен кешірім сұрап, Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбай пікір қалдырғанын айтты.

Бүгін депутат пікірі Amanat партиясының ресми ұстанымымен сай келетінін, әлеуметтік желіде дау тудырған пікірі орынсыз болғанын айтып, депутаттық өкілеттігінен бас тартатынын жеткізді.

Отандастарым мен партияластарымның алдында жіберген қателігім үшін өкініп кешірім сұраймын, - деп жазды депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Баланың жасына қарай таңдау керек»: Елімізде оңалту құралдарының паркі ашылуы мүмкін

Оңалту құралдарын алған азаматтар олар істен шыққан жағдайда аталған паркке келіп жөндете алады
03.06.2023 | 15:37

Шымкентте 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды

Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды
03.06.2023 | 15:05

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да анықталған 160 бұзушылық бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

101 фактіге қатысты жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады
03.06.2023 | 14:33