Halyq Uni логотип
×

ІІМ өкілі Қытаймен арадағы визасыз режимнен қорықпау керектігін ескертті

Қазір Қазақстанға 79 елдің азаматтары визасыз келе алады

 Еркеғали Болатұлы 30.04.2023 | 18:07
ІІМ өкілі Қытаймен арадағы визасыз режимнен қорықпау керектігін ескертті
фото: optimism.kz

ІІМ Көші-қон комитеті қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Масақбаев Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты түсінік берді.

Қытай азаматтарының елге визасыз келуінен қорқудың қажеті жоқ. Себебі бәрі ІІМ бақылауында. Шекарадан өткен күннен бастап қабылдаушы тарап уақтылы хабарлама беріп тұрады. Жыл басынан бері 12 мың заң бұзған шетел азаматтарының ішінде ҚХР-дың 205 азаматы ғана бар. Ол – 1 пайыз. Көбі жұмыс сапарымен, мәдени іс-шараларға қатысуға келген, – деді Алтынбек Масақбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанға 79 елдің азаматтары визасыз келе алады. Оның 57-сі – дамыған Еуропа елдері мен АҚШ-тан.

Бұл мемлекеттердің азамаматтары 30 күнге дейін елімізге визасыз кіре алады. Иран, Қытай, Үндістан мемлекеттері визалық талаптардан 14 күнге дейін босатылған. Одан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғыстан) бар. Олар уақытша тұруға рұқсат алмай-ақ, 90 күн жүре алады, – деді аға инспектор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама