Аудандар мен ауылдарға жаяу бара алмаймын. Білесіздер, жол алыс, - деді ол
Президент әкімдерге өз қалалары бойынша жаяу жүруге кеңес берген еді. Алайда Ақтөбе облысы мен қала әкімдерінің қандай көліктермен жүретіні және қаншалықты жаяу серуендейтіні белгілі болды. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.
Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребековтің 2014 жылғы Kia Quoris қызметтік автокөлігі бар.
Көлікпен жүремін. Бірақ жұмыс күндері де, демалыс күндері де көшелерді аралап, тұрғын алаптарымен, аулалармен жаяу жүремін, – деді ол.
Ал облыс әкімі Ералы Тоғжанов 2012 жылғы Lexus қызметтік автокөлігі бар екенін айтты.
Аудандар мен ауылдарға жаяу бара алмаймын. Білесіздер, жол алыс. Қалада да барлық жерде жаяу жүру мүмкін емес. Менің ойымша, жаяу жүреміз деп көрініс қою ешкімге қажет емес.
Объективті түрде көлікпен жүру керек жерде көлікпен жүреміз. Қай жерде жаяу жүру мүмкін болса, әрине, сол жерде жаяу жүреміз», – деді Ералы Тоғжанов.