«Елге өз еркімен оралды»: Серік Күдебаевтың ұлы жалған ақпарат тарағанын айтты

Халық үні

27 сәуірде Күдебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы әкесінің қамауға алынғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкеме қатысты жалған ақпарат тарап жатыр. Серік Күдебаевты ұстағаны – жалған ақпарат. Әкем менің кенже ұлыма хабарласып, бәрімізді жақсы көретінін және елге оралатынын айтқан. Сол жақтан алып кеткен, - дейді Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов.

Айта кетейік, бұған дейін елден қашқан Серік Күдебаевтың ұсталғаны хабарланды.