Украина әскері Бахмуттан бір қадам артқа шегінбейді – Зеленский

Дастан Жұмабекұлы

Қазір қалада қиян-кескі ұрыс болып жатыр

фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Бахмут қаласын қорғап жатқан украин әскерінің бір қадам артқа шегінбейтінін тағы да қайталап айтты. Ол бұл мәселенің Ставкада бірнеше рет көтерілгенін, алайда сол жерге жиналған Украинаның жоғары қолбасшылығы Бахмутты соңына дейін қорғауға бекінгенін атап өтті.

Қазір қалаға үздіксіз шабуыл жасалып жатыр. Бахмутқа шабуыл былтыр жаз айларында басталған. Қаланы біздің әскерилер жан-тәнімен қорғауда. Сондықтан Украина әскері Бахмуттан бір қадам артқа шегінбейді. Біз Ресей әскеріне Бахмутты беріп, ұрыс алаңын тастап кетпейміз. Өйткені Украина сарбаздары Бахмуттан кетсе, Ресей әскері мен «Вагнер» жасағы фронтын кеңейтіп, барынша көп жерімізді басып алуға мүмкіндік жасалады, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, егер Ресей Бахмутты толығымен басып алса, Донбасс облысының әкімшілік орталығына да шабуыл жасауға мүмкіндік туады.