Конституцияда мұндай лауазым жоқ
Әділет министрі Азамат Есқараев ҚР вице-президенті қызметін қалпына келтіру жайлы пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
1995 жылдан 1996 жылға дейін президентті қайта сайлағанда бұл норма саналы түрде өтпелі кезеңде қалды. Қазір бізде Конституция бойынша мұндай (вице-президент) лауазым жоқ. Заңды дамытуға байланысты мұндай мәселе қаралады. Конституцияда мұндай норманың қаншалықты орынды екенін және оның қарастырылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, 1993 жылғы Қазақстан Конституциясында вице-президент лауазымы болған.
Негізгі заңның баптарына сәйкес вице-президент президентпен бірге сайланған әрі мемлекет басшысының жекелеген функцияларын орындаған.
Сондай-ақ президент өз міндеттерін орындай алмағанда оны вице-президент алмастырған және ол иммунитетке ие болған еді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш және жалғыз вице-президент – Ерік Асанбаев (1936 – 2004).