Halyq Uni логотип
×

«Менде бір шаршы метр жер де жоқ». ШҚО әкімі экс-депутатқа жауап берді

Даниал Ахметов экс-депутаттың сөзін мәдениетсіздікке жатқызды

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 13:01
«Менде бір шаршы метр жер де жоқ». ШҚО әкімі экс-депутатқа жауап берді
Фото: Halyq Uni

VII шақырылымдағы экс-депутат Берік Дүйсенбинов 2022 жылдың желтоқсанында Мәжіліс отырысында мәлімдеме жасап, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып жатыр дегенге сенбейтінін, өңірлердегі жерлердің басым бөлігі әкімдерге тиесілі екенін айтты.

Берік Дүйсембинов «Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр» деген еді.

Бүгін Астанада өткен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыстан шыққан ШҚО әкімі Даниал Ахметов экс-депутаттың мәлімдемесіне «жала» деп жауап берді.

Бұл – жала. Менде бір шаршы метр жер жоқ. Сондықтан ол кісіге мен ештеңе айта алмаймын. Неге? Себебі, ол кісінің депутаттық мәртебесі бар. (Қазір Берік Дүйсембинов депутат емес). Бірақ оның (айтқан) сөзі мәдениетсіздік болды. Өскемендегі жердің бәрі маған тиесілі деп айту сандырақ. Бұл ақпарат нақтыланбаған. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мен Жер қатынастары комитеті тиісті ақпаратты берді, - деді облыс әкімі.

Бұған дейін Halyq Uni депутаттың мәлімдемесіне қатысты ресми сауал жолдап, оған ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис жауап берген еді. Надежда Михейлис жер қатынастары жөніндегі облыстық уәкілетті органның басшысы ретінде түсініктеме беріп, ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама