Halyq Uni логотип
×

YouTube желісінен түскен пайда қайырымдылыққа жұмсалады – Нартай Аралбайұлы

Нартай Аралбайұлы депутаттарға шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік барын айтты

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 10:56

YouTube каналымызда басталған «Халықтан үш сұрақ» жаңа жобасы жалғасады. Онда жоғары лауазымды шенеуніктер, министрлер мен депутаттар халықты толғандырған сұрақтарға жауап береді.

Жобаның келесі спикері – Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы.

Депутат болғаннан кейін де YouTube-тағы сұқбаттарын жалғастыра ма? Монетизациядан түскен табысты қайда жұмсайды?

– Заң бойынша бізге шығармашылықпен айналысуға рұқсат берілген. YouTube-тағы сұқбатымыз жалғасып жатыр. Одан (монетизация) қомақты қаражат түседі деп айта алмаймын. Одан түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсап жатырмыз. YouTube-тан түскен қаражат банк картасына аударылуы керек қой, бірақ әу бастан менің атыма аударылмайды.

Мәжіліске журналистер емес, заңгерлер керек пе?

– Мәжіліске ұлтжанды азаматтар керек деп айтамын. Ұлтын сүйетін, мемлекеттің мүддесі үшін басын бәйгеге тіге алатын, қажет кезде айта алатын азаматтар керек. Екіншіден, журналистерден қашпайтын, сұраққа анық жауап бере алатын жандар қажет.

Заңгерлерге келетін болсақ, біздің бәрімізге көмекші берілді. Олар – заңды жақсы білетін азаматтар. Бұған дейін Мәжілісте жұмыс істеген азаматтармен араласамыз. Парламентаризм институты бар.

Руға, жерге бөліне ме?

– Марқұм Бейсен Құранбек ағамыздың бір сөзі есімде: «Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады». Бәріміз де Алты алаштың баласымыз. «Бөлінгенді бөрі жейді», «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп қазақ айтқан. Руымызды білгеніміз дұрыс, бірақ ру үшін емес, қазақтың абыройы үшін жұмыс істеуіміз керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама