Ресей депутаты Арменияның КСРО-дан шығуы заңсыз екенін айтты
Соны армян халқы өзі білмейтін сияқты, - деді Федоров
Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Евгений Федоров Армения Республикасының Кеңес Одағының құрамынан заңсыз шыққанын айтып, айып тақты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Оның айтуынша, республика өзі тарап кеткен КСРО-дан заңсыз шығып, соны армян халқының өзі білмейтін сияқты.
Қазақстан халқы Федоровты біздің елдің Ресейдің ежелгі жерін алып кетті деп айтқанынан жақсы хабардар. Енді ол Арменияны КСРО құрамынан заңсыз шығып кетті деп айыптап, «халықаралық құқыққа» сілтеме жасап отыр.
Армения КСРО-дан шыққан жоқ. Демек, КСРО-ның ізбасары – Ресейден де шыққан жоқ. Сондықтан Ресей мен Армения бұрынғыша бір Одақта болу керек. Армения – даулы территория, бұл елдің өзі проблемалы ел, – деді Федоров.
Путин режимінің Арменияға қатысты риторикасы одақтас мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына байланысты күшейіп отыр. Ал Федоров меңзеп отырған «проблема» Арменияда 2018 жылы болған революцияның нәтижесінде Ресейді қолдаушы премьер-министр қызметінен кетіп, оның орнына оппозиционер Никол Пашинян келген кезде-ақ басталған. Одан кейін шын текетірес 2020 жылы Қарабақтағы қарулы қақтығыс кезінде Кремльдің Ереванға көмек көрсетуден бас тартуынан кейін басталды. Бұл соғыста Армения Әзербайжаннан жеңіліп, басып алған территориялардан айырылған болатын. Кейін капитуляцияға қол қоюға мәжбүр болды.
Содан кейін Армения Халықаралық сотқа Путинді ұстап беруден бас тартпайтынын мәлімдеп, 2023 жылы НАТО-мен бірлесіп, әскери жаттығу өткізетінін ресми түрде растады.