×

Мүфтият өкілі оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

Балиғат жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау - парыз емес

 Айнұр Шошаева 10.04.2022 | 23:40
көрнекі фото: islamdag.ru

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мектеп оқушыларының ораза ұстауына қатысты пікір білдірді.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мектеп мұғалімдерінің чатында ораза ұстаған оқушылардың оқу үлгерімі мен денсаулығына қатысты мәселе жиі талқыланып жатыр. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) жас балалардың ораза ұстауына қатысты сауалдар келіп түскен.

Мүфтият өкілінің айтуынша, балиғат жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау - парыз емес.

«Екіншіден, балиғат және кәмелет жасына толмаған жас баланың ораза ұстау кезінде оның организмінде әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай кішкентай бүлдіршіннің денсаулығына кері әсер етуі, сонымен қатар оның толыққанды білім алуына кедергі келтіруі мүмкін. Ата-аналарға осы мәселеге аса көңіл бөлуге кеңес береміз», - деп жазады ҚМДБ өкілі.

ҚМДБ баспасөз хатшысы кез-келген құлшылық, оның ішінде ораза толыққанды білім алуға, тиянақты жұмыс істеуге кері әсер етпеуі керектігін ескертті.

«Оразаны себеп етіп, әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды. Өйткені, әр адам сауап амалды өзі үшін орындайды. Үшіншіден, ата-аналардан балиғат жасына жетпеген балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеуді сұраймыз», - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған 2 ер адам өлі табылды

2 ер адам да 28 наурызда өлі табылды
30.03.2023 | 08:44

Қайрат Нұртастың анасы оның казинода ұтылып қалуына қатысты мәлімдеме жасады

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, мұның бәрі - хайп
30.03.2023 | 08:23

«22 градус аяз болады»: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды
30.03.2023 | 08:05

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: соққыға жығылған заңгер ерлі-зайыпты мәлімдеме жасады

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды
30.03.2023 | 07:45