Германия өз елінде Ресейдің жарыстарға қатысуларына қарсы шықты
ГФР Сыртқы істер министрі соңғы шешімді өз елі қабылдайтынын ашық айтты.
Германия Федеративтік Республикасы Халықаралық олимпиялық комитет қандай шешім қабылдаса да Ресей спортшыларын өз елінде өтетін жарысқа қатыстырмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Мұндай мәлімдемені Германия Сыртқы істер министрі Нэнси Файзер жасады. Ол Халықаралық олимпиялық комитеттің Ресей спортшыларына қатысты қандай шешім қабылдағанына қарамастан, соңғы шешімді Германияның өзі қабылдайтынын ашық айтты.
Бұған дейін Поляк Республикасы да ресейлік спортшылардың өз елінде жарысқа қатысуларына қарсы шыққан еді. Атап айтқанда, Польша өз елінің территориясында семсерлесуден әлем чемпионатына қатысатын командалардың арасында Ресей болған соң, бұл жарысты өткізуден бас тартты.
Украина да ресейліктер сайысқа түсетін кез келген халықаралық жарысқа өз спортшыларының қатысуларына тыйым салды.