Оны планетада 3-5 адам ғана біледі, – деді Данилов
Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылының қашан болатынын айтты.
Ол қарсы шабуылдың шамамен 2-3 аптада болатынын, алайда әскердің дәл қай күні шабуылға шығатынын айтпады.
Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылының уақыты мен орны туралы ақпарат айтылмайды. Бұл – жабық тақырып. Оны планетада 3-5 адам ғана біледі, – деді Данилов.
Сонымен бірге ол Ресеймен келісім туралы айтты.
Егер Украина президенті Зеленский Путинмен келісімге келетін болса, саяси суицид жасағанмен тең болады, – деді ол.
Осы ретте Алексей Данилов Батыс елдерінің Ресейдің тарап кететінінен де сақтанатынын, тіпті қорқатынын айтып, бұл үдерістің қазірдің өзінде болып жатқанын атап өтті.
Бұл – тарихи процесс. Тарихты тоқтату мүмкін емес, – деді Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы.
Қазір көптеген саясаткерлер мен сарапшылар Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысы аяқталғаннан кейін, Ресей қазіргі қалпында болмайды деген де пікір білдіріп жатыр. Сарапшылар Ресейдің әртүрлі субъектілерге бөлінетінін айтады.