Halyq Uni логотип
×

Экономист Атыраудағы зауыттың жабылуына кімдердің ықпал еткенін айтты (ВИДЕО)

Ал билік оны қаперіне де ілмеген

 Халық үні 07.04.2023 | 14:45

Экономист Қайырбек Арыстанбек «Сұрауы бар» Youtube-арнасына берген сұхбатында Атырауда ашылып, қайтадан жабылған зауыт туралы айтты.

Оның пікірінше, отандық өндіріс ошақтарының көбі демпингтің құрбанына айналып, соңы банкроттыққа әкеліп соққан. Бұл процесс 20 жылдан аса уақыт бойы әлі сол қалпында келеді.

2000-жылдардың басында Атырауда тіс пастасы зауыты болды. Сол зауыт екі жылдан кейін жабылып қалды. Біздің Үкімет пен өзге де құзырлы органдарымыз сол кәсіпорынды қорғап, сақтап қала алмады, - деді сарапшы.

Экономистің айтуынша, өндіріс орнының жабылуына әлемдік алып корпорациялар мүдделі болған. Ал билік оны қаперіне де ілмеген.

Шетелдік тіс пастасын шығаратын алпауыт Colgate, Blend-a-med және өзгелері келісіп алды да Қазақстанда өз өнімдерінің бағасын түсіріп жіберді. Сол кезде Атыраудағы зауыттың өнімдері бәсекеге қабілетті бола алмай қалды. Сосын банкротқа ұшырап, соңында жабылды», - дейді Қайырбек Арыстанбек.

Осылайша, отандық зауыт жабылғаннан кейін шетелдік компаниялар өз өнімдерінің құнын қайта қымбаттатып жіберген көрінеді.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама