Бұған әлі күнге дейін саяси, экономикалық баға берілген жоқ, - дейді ол
Қазақстан Ресейге көмектесемін деп 27 млрд доллар алтын валюта резервінен айырылып қалды. Ұлттық валютаның құлдырауына бұл айтарлықтай әсер етті. Бұл туралы экономист Қайырбек Арыстанбек «Сұрауы бар» Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Сарапшының пайымдауынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған сәттен бері отандық сауда үлес жағынан Ресей мен Беларусьтен ұтылып келеді.
2014-2015 жылдары біз Кеден одағына мүше болғанда, батыстың санкцияларынан кейін Ресейдің рублі құлады. Сонда біз шынайы бағам емес, қолдан жасалған бағаммен Ресейге көмектесеміз деп 27 млрд доллар алтын валюта резервінен айырылып қалдық. Бұған әлі күнге дейін саяси, экономикалық баға берілмеді, тіпті құқықтық сараптама жасалған жоқ, - деді сарапшы.
Экономистің айтуынша, өзіміз тарихымызды бағалай алмай жатып, жаңа Үкіметтен жаңа саясат талап етудің қажеті шамалы.
Сұхбаттың толық нұсқасын жоғарыдағы видеодан көруге болады.