×

Заңсыз қозғалған 9 мыңға жуық іс: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалып жатыр

Бұл сұраққа депутат жауап берді

 Қымбат Елтайқызы 07.04.2022 | 16:30
фото: ашық дереккөзден

Сенатор Андрей Лукин министрлер кабинетінің басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында кәсіпкерлер құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді атап өтті. Сенатор бизнес өкілдері тексеру тағайындалған және жүргізілген кезде, оның ішінде мораторий мен карантин кезеңінде анықталған заң бұзушылыққа шағым айтқанын жеткізді.

Депутаттың айтуынша, заңсыз қозғалған 8 745 әкімшілік іс жүргізу, шектеу шараларын заңсыз қолданудың 2 665 фактісі, уәкілетті емес тұлғалардың 93 рет тексеру тағайындағаны, еш негізсіз 38 тексеру, өзге де 86 заң бұзушылық болғаны анықталды. Сенатор Андрей Лукин осыған байланысты еліміздің премьер-министрінен орын алған заң бұзушылықтарды жоюға көмектесуді сұрады, – дейді сенат.

Депутат сонымен қатар қарамағындағы қызметкерлердің іс-әрекетіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген бақылау әрі қадағалау органдарының кінәлі лауазымды тұлғаларымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының да тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарауды өтінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама