×

Мәскеуде тұрғындар мешіттің салынуына қарсы шықты (ВИДЕО)

Бұған Рамзан Кадыров та өз ойын айтып, ашу-ызаға берілді

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2023 | 11:15
фото: rtvi.com

Мәскеуде жергілікті православ тұрғындар қалада 60 мың адамға арналған үлкен мұсылман мешітінің салынуына қарсы шықты.Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Мәскеудің Косино-Ухтом ауданындағы Әулие көлдің жанында мешіт құрылысының басталуына жаппай қарсылық білдірген адамдар көшеге шығып, мәлімдеме жасады. Олар алаңға жиналып, «Біз – орыстармыз, Құдай бізбен бірге!» деп айқайлап, мешіттің құрылысын болдырмау үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты. Наразылық акцияға Украина жерінде Ресей армиясының құрамында соғысып жатқан кадыровшылар бірден жауап беріп, видеоүндеулерін жасап та үлгерді. Қазір үндеу барлық әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Олай болса, біз енді сендермен соғысамыз! Бізге қазір кіммен соғыссақ та бәрібір, – деді қолына қару ұстап үндеу жолдаған адамның бірі.

Мәскеудегі оқиғаға қатысты Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров та өз ойын айтып, ашу-ызаға берілді. Ол бір елдің ішінде бір мүдде үшін жүрген халықтар мен түрлі дін өкілдері арасына от тастап отырған мәскеуліктерді айыптады. Ол орыстарды не бірден мобилизациямен әскерге алынуға, не сот арқылы жаза алуға тиісті қорқақтар деп атады.

Біз Украинада сендер үшін соғысып жатырмыз. Ал сендер не істеп жатсыңдар?! Өңкей қорқақтар! Қолыңа қару ал да отансүйгіштігіңді көрсет!  Патриот екеніңді сөзбен емес, іспен дәлелде! –  деді ол.

Мұндай наразылықты Шешенстан мен Дағыстан тұрғындары да көрсетіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама