Halyq Uni логотип
×

Министрге сұрақ қойған «су жаңа» депутат Ерлан Қошановтан сөз естіді

Мәжіліс спикері депутатты күн тәртібіндегі мәселеден ауытқымауға шақырды

 Дәурен Ерболат 05.04.2023 | 11:07
Министрге сұрақ қойған «су жаңа» депутат Ерлан Қошановтан сөз естіді
фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге сұрақ қойған депутатқа Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мәселесін талқыланды.

«Өкінішке қарай, ауылдарда өрт жиілеп барады. Мысалы, Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылдық округінде бірде бір өрт сөндіру депосы жоқ. Ең жақын ДЕПО 60 шақырым жерде орналасқан. Ол ауылдық округте 11 елді мекен бар. Көптеген үйде өрт болды. Жағдай ушығып тұр. Ауылда өрт сөндіретін көлік те жоқ. Алдағы уақытта сіздер ауылдарда өрт сөндіру ДЕПО-сын, сондай-ақ көлікпен қамтамасыз ету жұмыстары қалай атқарылады?», - деп депутат Анас Баққожаев.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге сұрақ қойған депутаттың сөзін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бөлді.

Анас Ахатұлы, бүгін біз заң жобасын қарап отырмыз. Барлық сұрақ сол заң жобасына қатысты болуы керек. Бірақ бүгін Мәжілістің алғашқы отырысы ғой. Сіздер – жаңа депутатсыздар. Сондықтан бұл сұраққа жауап беру керек, - деді ол.

Десе де, Мәжіліс төрағасы Төтенше жағдайлар министрі депутаттың сұрағына жауап беруі керектігін ескертті. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама