×

«Идель-Урал» одағы Татарстан тәуелсіздігі үшін күреседі

Солардың бірі – әскери комиссариаттарға от қойып, өртеп, диверсиялық әрекеттер жасау

 Дастан Жұмабекұлы 31.03.2023 | 13:43
фото: ашық дереккөз

Татарстанның Еуропаға кеткен диссиденттері мен оппозиционерлерінің «Идель-Урал» одағы НАТО-дан көмек сұрады. Олар үндеу жариялап, Татарстанның тәуелсіздік алуына көмектесуді өтінді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Татар ұлттық қозғалысы лидерлерінің бірі Рафис Кашапов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Идель-Урал» одағының Ресейге қарсылық көрсетуі мен Татарстанның РФ-дан бөлініп шығуына байланысты өз жоспарларын айтты. Оның айтуынша, татар диссиденттері мен оппозиционерлері Ресейге қарсы акцияларды бастаған. Олар қазір татар халқының арасында үгіт-насихат пен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Солардың бірі – әскери комиссариаттарға от қойып, өртеп, диверсиялық әрекеттер жасау.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Рафис Кашаповтың өзі 2018 жылы Ұлыбританиядан саяси баспана алған. Қазір Лондонда тұрып жатыр. Ол 2014 жылы Қырым аннексиясына қарсы наразылық акциясына қатысып, Түркиядан келген кезде қамауға алынып, 3 жылға сотталып, түрмеде отырып шықты.

Оппозиционердің айтуынша, қазір Татарстан «Үкіметі» Республиканың жаңа Конституциясын, министрлер кабинетін дайындап, елдің шетелдердегі елшілерін анықтап жатыр. Сонымен бірге түркі елдерімен және Еуропа мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатпақ ниетте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама