Дональд Трамп порножұлдызға ақша төлегені үшін айыпталып жатыр

Еркеғали Болатұлы

Бұл іс оның келесі жылғы президенттік сайлауға түсуіне кері әсер етуі мүмкін

фото: novinky.cz

АҚШ экс-президенті Дональд Трамп 2016 жылғы сайлау алдында порножұлдызға ақша төлегені үшін айыпталып жатыр. Енді ол сол әрекеті үшін сотталуы мүмкін.

Алайда 76 жастағы Дональд Трамп бұл жайтты мойындамады. Соған қарамастан ол АҚШ-тың қылмыстық айып тағылған алғашқы президенті атануы ықтимал.

Бұл даулы іс оның 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысу әрекетіне де кері әсер етуі ғажап емес. Ал қазір Дональд Трамп республикалықтар арасында ең жоғары постқа негізгі кандидат саналып отыр.