×

Президент бұрынғы Үкіметтің жұмысына баға берді

Әлеуметтік міндеттемелер толық орындалған

 Дәурен Ерболат 30.03.2023 | 11:36
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Үкіметтің жұмысына баға берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Конституцияның 70-бабына сәйкес, Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Осы ретте Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталғым келеді. Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2%-ға өсті. Халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалды. Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек», - деді президент Мәжілістің жалпы отырысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама