Қазақстанда заң қабылданып қойған соң ғана қазақ тіліне аударылады – Абзал Құспан
Депутат бұл мәселені түбегейлі жоюға уәде берді
Белгілі заңгер, Мәжіліс депутаты болып сайланған Абзал Құспан қазақша аударылатын заң мәтіндерінде кететін қателіктер жайында айтты.
Қазақстанда заң алдымен ағылшыннан орысшаға аударылады. Сосын ол заң қабылданады. Қабылданғаннан соң қазақшаға аударылады. Аударма процесінде көп қателік кетеді. Қылмыстық кодекстің өзін алып қарайықшы, орысша нұсқасы мен қазақша нұсқасы бір-біріне сәйкес келмейді. Бірақ судьялар іс жүзінде орысша нұсқасын басшылыққа алады. Мен бұл мәселені тек көтермеймін, түбегейлі жоюды қолға аламын, - деді депутат.
Абзал Құспан – бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың бірі. Ол депутаттыққа Батыс Қазақстан облысынан түсті.
Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімі:
- Астана қаласы – Дәулет Тұрлыханов, Дәулет Мұқаев;
- Алматы қаласы – Ермұрат Бапи, Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек;
- Шымкент қаласы – Данабек Исабеков, Болатбек Нәжметдинұлы;
- Абай облысы – Нұртай Сабильянов;
- Ақмола облысы – Айна Мысырәлімова;
- Ақтөбе облысы – Қазыбек Әбішев;
- Алматы облысы – Ардақ Назаров, Данияр Қасқарауов;
- Атырау облысы – Әділ Жұбанов;
- Батыс Қазақстан облысы – Абзал Құспан;
- Жамбыл облысы – Мұқаш Ескендіров, Гүлдара Нұрымова;
- Жетісу облысы – Руслан Қожасбаев;
- Қарағанды облысы – Құдайберген Бексұлтанов, Арман Қалықов;
- Қостанай облысы – Еркін Әбіл;
- Қызылорда облысы – Мархабат Жайымбетов;
- Маңғыстау облысы – Еділ Жаңбыршын;
- Павлодар облысы – Амантай Жарқынбек;
- Солтүстік Қазақстан облысы – Еркебұлан Мамбеков;
- Түркістан облысы – Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев;
- Ұлытау облысы – Ерболат Сатыбалдин;
- Шығыс Қазақстан облысы – Лұқбек Тұмашинов.