Halyq Uni логотип
×

Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі – ХОК

Мұндай жеңілдік қауіпсіздік қызметімен байланысы бар спортшыларға берілмейді

 Дастан Жұмабекұлы 29.03.2023 | 13:11
Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі – ХОК
фото: ruposters.ru

Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) ресейлік және белорус спортшыларының Украинадағы соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберілетінін мәлімдеді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Кеше ХОК-тың президенті Томас Бах Олимпиялық ойындарға қатысты өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Оның айтуынша, Ресей мен Беларусь спортшылары бұл жағдайда бейтарап ту астында жарыстарға қатыса алады. Алайда Ресей мен Беларусьтің арнайы қызмет органдарымен келісімшарт жасасып қойған, екі елдің армиясымен немесе ұлттық қауіпсіздік қызметімен байланысы бар спортшыларға мұндай жеңілдік берілмейді.

Спортшыларға жарысқа қатысуға рұқсат беру алдында олардың соғыс тақырыбында көпшілік алдында айтқан мәлімдемелері мен пікірлері, соғысты қолдауға арналған жиындар мен шерулерге қатысқан-қатыспағандары толық тексеріліп, ескерілуге тиіс, – деді Бах.

Дегенмен ол командалық спорт түрлері бойынша өнер көрсететін спортшылар өзге елдердің туы астында да жарыстарға қатыса алмайтынын ескертті.

Сонымен бірге ол Ресей мен Беларусь спортшыларының халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындарына қатысу-қатысупаулары мәселесі әлі түпкілікті шешілмегенін ашық айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама