Halyq Uni логотип
×

Халықтың тұрмысы әлі күнге дейін жақсы емес – Тоқаев

Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламенттен не күтетінін айтты

 Дәурен Ерболат 29.03.2023 | 10:20
Халықтың тұрмысы әлі күнге дейін жақсы емес – Тоқаев
Парламенттің бірлескен отырысы

Қазақстандықтардың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін мәз емес. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Парламенттің бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді», - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, халық атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды.

«Алайда аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті.

Алдағы 5 жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама