Halyq Uni логотип
×

Қытай компаниясы Ресейге жүктерді жеткізуден бас тартты

OOCL Logistics Владивостокқа баратын киім-кешектерді тиеуді тоқтатты

 Дастан Жұмабекұлы 25.03.2023 | 15:20
Қытай компаниясы Ресейге жүктерді жеткізуден бас тартты
фото: ашық дереккөз

Қытай логистикалық компаниясы Ресейге жүктерді жеткізуден бас тартты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Қытайдың OOCL Logistics логистикалық компаниясы Батыс елдерінің РФ-ға санкциясын алға тартып, жүктерді тиеуді тоқтатты.

Қазір Қытайдың аса ірі OOCL Logistics логистикалық компаниясы өз қоймаларынан Владивостокқа баратын киім-кешектерді тиеуден бас тартқаннан кейін бұл елден тауар алу Ресей үшін үлкен проблемаға айналды.

Қолда бар дееркке қарағанда, Ресейге арналған тауарлар Шанхай мен Шэньчжэндегі қоймаларда тұрып қалған. Сарапшылардың айтуынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін көп ұзамай компания РФ-ға баратын жүктерді тиеуден бас тартқан. Соған қарағанда, екі елдің мемлекет басшыларының кездесулері сәтті болмаған.

Бұған дейін наурыз айының басында Түркия санкция салдарынан РФ-ға жөнелтілетін жүктерді кедендік рәсімдеуден өткізуді тоқтатқан еді. Енді Ресей Үндістанмен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды қолға алады делінуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама