×

Ростовтағы жарылысты Ресей партизандары мойнына алды

«Қара көпір» қозғалысы – РФ азаматтарының Украина әскерлеріне көмектесу үшін құрылған тобы

 Дастан Жұмабекұлы 24.03.2023 | 12:17
фото: ашық дереккөз

Дондағы Ростов қаласында болған Федералдық қауіпсіздік қызметінің кеңсесіндегі жарылысты Ресей партизан қозғалысы өз мойындарына алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Ресейдің «Қара көпір» деп аталатын партизан қозғалысы Ростовтағы ФҚҚ шекара басқармасының ғимаратында болған жарылысты өздері жасағандарын мәлімдеді. Олар өрттің ыдысқа құйылған жанар майға қосылған жарылғыш қондырғының жұмыс істеп кетуінен тұтанғанын айтты.

Топ мүшелерінің айтуынша, Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі елде екіжүзділік саясат ұстанып, зорлық-зомбылық пен қиянатшылықпен айналысып келеді. Оның қызметкерлері билікке қолайсыз адамдарға қарсы өтірік қылмыстарды ойлап тауып, бизнестерін тартып алып, бейбіт тұрғындар арасында диверсиялар ұйымдастырады.

16 наурызда Ростов облысындағы ФҚҚ-ға қарасты шекара басқармасының кеңсесінде жарылыс болған еді. Соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды.

Айта кетсек, «Қара көпір» партизан қозғалысы – Ресей азаматтарының Украина әскерлеріне көмектесу үшін құрылған тобы. Олар РФ билігінің басқыншылық соғысына қарсы күресеміз дейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама