Halyq Uni логотип
×

Украинаны қайта қалпына келтіру құны 411 млрд долларға бағаланды

Бұл сома елдің ЖІӨ-нен 2,6 есе көп болып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 24.03.2023 | 11:35
Украинаны қайта қалпына келтіру құны 411 млрд долларға бағаланды
фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік банк Украинаны қайта қалпына келтіру құнын 411 млрд долларға бағалады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Бұл соманы Дүниежүзілік банк Еурокомиссиямен, БҰҰ-мен және Украина Үкіметімен бірігіп жасаған есебінде келтірді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, есепте көрсетілген сома 2022 жылғы бағалауға сәйкес, Украинаның жалпы ішкі өнімінен 2,6 есе көп болып отыр. Еуропалық комиссия, Дүниежүзілік банк пен Украианның өзі дайындаған есеп 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап бір жылды қамтиды. Былтыр қыркүйек айында Дүниежүзілік банк Украинаға келтірілген шығынды 349 млрд долларға бағалаған болатын.

Дүниежүзілік банк биыл Украинаға 14 млрд доллар қайта құруға инвестициялар қажет екенін атап көрсетті.

Елдің премьер-министрі Денис Шмыгалдың айтуынша, биыл Украина Батыс елдерінен соғыстың кесірінен қиратылған мүлікті қалпына келтіру үшін 17 млрд доллар (680 млрд гривен) алады. Биыл қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланған. 

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елді қалпына келтіру үшін 600-800 млрд доллар қажет болады деп мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама