×

Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің жауабына қатысты мәлімдеме жасады

Армения да Путинді қамауға алуға құқық беретін Рим статутына қол қоюға дайындалып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 24.03.2023 | 10:55
фото: ашық дереккөз

Халықаралық қылмыстық сот РФ президенті Владимир Путинді қамауға алуға берген ордеріне байланысты Ресейдің жауабына қатысты мәлімдеме жасады.

ХҚС Рим статутына қатысушы мемлекеттер ассамблеясының президиумы Путинді қамауға алу жөніндегі шешімді толық қолдайтынын мәлімдеді.

Рим статутына қатысушы елдер Халықаралық қылмыстық соттың шешімін толық қолдайды. Еуропа мемлекеттері арасынан бірінші болып Германия қолдайтынын айтты. ГФР егер РФ президенті Германияға келетін болса, бірден тұтқындайтынын хабарлады. Бұдан кейін Орталық Африка Республикасы мен Бразилия осындай мәлімдеме жасады, –  делінген ХҚС хабарламасында.

Гаага сотының судьялары Рим статутында жазылып, бекітілген халықаралық құқықтар нормаларын сақтауға шақырды. Осыған байланысты ХҚС әлемнің барлық елдерін халықаралық құқықтар нормаларын сақтауға және заңсыздықпен күресуге үндеу жолдады.

Рим статутына қатысушы мемлекеттер ассамблеясының президиумы ХҚС-тың бір мезгілде бақылаушы да, заңнамалық та органы болып саналады.

Енді Армения Республикасы да Путинді қамауға алуға құқық беретін Рим статутын ратификациялауға дайындалып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама