Halyq Uni логотип
×

Ресейлік сарапшы: Қытайдың түпкі жоспары – Ресейді жаулап алу (ВИДЕО)

Батыс Путиннің жағдайының қиын болатынына күмәнданып отырған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2023 | 11:34
Ресейлік сарапшы: Қытайдың түпкі жоспары – Ресейді жаулап алу (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Ресейлік сарапшы, журналист-жазушы Юлия Латынина өзінің Yulia Latynina You Tube арнасында Қытайдың түпкі жоспары Ресейді жаулап алу екенін айтты. Ол «Юлия Латынина. Код Доступа. Леди Гаага. Китай. Купол прав, журналист – нет. План Залужного» шығарылымында Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің мүддесі Ресейге көмектесу емес, оның жерін басып алу екенін ескертті.

Сарапшы өз сөзінде Ресейдің билігіне енді елді Қытайға толық тәуелді ету немесе Путинді өз қолдарымен тақтан тайдыру ғана қалғанын атап өтті.

Жазушы Қытай төрағасының Ресейге не үшін келе жатқанын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, Қытай Путиннің шығатын жер таппай, тығырыққа тірелгенін түсінгеннен кейін оған Ресейді құрбандыққа шала отырып, өзін құтқарудың жолын ұсынды.

Мен бұған дейін Қытай үшін дәл қазір тиімді сәттің туып отырғанын талай рет айтқанмын. Өйткені Ресей қазір тура Солтүстік Кореяның жағдайына келді, – деді ол.

Сонымен бірге ол Ресейдің қазіргі экономикалық жағдайы өте нашар екенін де назардан тыс қалдырмады. Ол елдің бүгінде өзінің мұнайы мен газын тиынға сатып отырғанын, одан өте-мөте аз ақша түсетінін, оның өзі кезінде Қытайдан алған несиені жабуға жіберіліп жатқанын айтты.

Путин Украинаны Ресейге қосып алып, оны тұтасымен жұтып алғысы келіп еді. Енді осының ақыры өзіне таяқ болып тиді. Қытай осы жағдайды пайдаланып, Ресейді өзіне қосып алу жоспарын іске асыратын кездің келгенін түсініп отыр.  Енді сіздерге бір қызық айтайын, Батыс әлемі Қытайдың Ресейді өзіне қосып алу туралы ойын біліп, жаңа ойынға  қосылатынын да түсінді. Қызықтың бәрі алда сияқты.  АҚШ та, Еуропа да Ресейді Қытайға бергісі келмейді. Сондықтан басқа жолдарды іздестіруге кірісті, – деді журналист.

Осы ретте журналист Батыс елдерінің Путиннің күні жақындағанына, ал Ресейдің жағдайы тіпті қиын болатынына күмәнданып отырмағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама