×

Ресей Гаага сотының шешіміне қарсы шықты

Мария Захарова өз елінің ХҚС шешімін орындамайтынын мәлімдеп те үлгерді.

 Дастан Жұмабекұлы 19.03.2023 | 00:05
фото: ашық дереккөз

Ресейліктер Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың Владимир Путинді тұтқындау жөніндегі шешіміне қарсы шықты.

Бұған дейін хабарланғандай, Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Ресей президентімен бірге оның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берген болатын.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Батыс елдерінің басылымдары мен Украинаның БАҚ аты-шулы «геосаясаткер» Путиннің темір тордың арғы жағынан табылып қалуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.  Ал Ресей ақпарат құралдары Путинді қорғаштап, РФ территориясында Халықаралық қылмыстық соттың шешімі ешқашан мойындалмайтынын мәлімдеді. РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова өз елінің ХҚС шешімін орындамайтынын мәлімдеп те үлгерді. Себебі, Ресей «Халықаралық қылмыстық соттың Римдік жарғысының» мүшесі. Сол себепті ХҚС шешімін орындау міндетіне жатпайды. Ол сондай-ақ, аталмыш шешімнің құқықтық жағынан алып қарағанда, ешқандай заңды мағынасы жоқ екенін атты. Сол секілді сенатор Андрей Клишас Халықаралық қылмыстық сот берген ордердің ешқандай құқықтық негізі жоқ екенін ескертті.

ХҚС осы арқылы өзін өзі жойып жіберу жолына түсті. Ресей оның барлық судьяларын тұтқынға алу жөнінде ордер беруі тиіс, – деді ол.

Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин енді әлемнің 120-дан астам еліне бара алмайды, барса сол арада қамауға алынып, бірден жауапқа тартылады.

2003 жылғы 1 ақпанға қарай Рим статусына 139 ел қол қойып, 88 мемлекет оны ратификациялады.

Рим статусына қол қойған елдердің шеруі мынадай:

Австралия, Австрия, АҚШ, Албания, Алжир, Андорра, Ангола, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Бельгия, Бенин, Болгария, Боливия, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Буркина-Фасо, Бурунди, Біріккен Араб Әмірлігі, Венгрия, Венесуэла, Габон, Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Биссау, Германия, Гондурас, Грекия, Грузия, Дания, Джибути, Доминика, Доминика Республикасы, Египет, Жаңа Зеландия, Жаңа Мыс аралы, Замбия, Зимбабве, Израиль, Иордания, Иран, Исландия, Ирландия, Испания, Италия, Йемен, Камбоджа, Камерун, Камор аралдары, Канада, Кения, Кипр, Колумбия, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Корея Республикасы, Коста-Рика, Кот-д`Ивуар, Кувейт, Қырғызстан, Латвия, Лесото, Либерия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Маврикий, Мадагаскар, Македония, Малави, Мали, Мальта, Маршалл аралдары, Мексика, Мозамбик, Молдова, Монако, Моңғолия, Морокко, Намибия, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланд, Норвегия, Оңтүстік Африка республикасы, Орталық Африка Республикасы, Өзбекстан, Панама, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Самоа, Сан-Марино, Сан-Томе және Принсипи, Санта-Лусия, Сенегал, Сент-Винсент және Гренадина, Сейшель аралдары,Сербия, Словакия, Словения, Соломон аралдары, Судан, Сирия, Сьерра-Леоне, Таиланд, Танзания, Тәжікстан, Тринидад және Тобаго, Уганда,  Украина, Уругвай, Ұлыбритания,Фиджи, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чад, Чили, Чех Республикасы, Швейцария, Швеция, Шығыс Тимор, Эквадор, Эритрея, Ямайка.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама