×

«Сөзінде тұратын адам»: Азаматхан Әміртай президентке ризашылық білдірді (ВИДЕО)

Кім не десе де біз жаңа кезеңге көштік, - дейді ол

 Халық үні 17.03.2023 | 16:36

Саясаткер Азаматхан Әміртай Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы пікірімен бөлісті.

Ең бастысы, мен Қазақстанның жаңа кезеңге қадам басқанын көріп отырмын. Жақсыны жақсы, жаманды жаман деу керек. Мен оған тек риза емес, сеніп отырған адамның бірімін. Ең бастысы, сөзінде тұратын, тұрақтылығы бар адам. Әлемдегі реформаторлардың өмірін зерделедім, бәрінде үш ұқсастық бар екен. Біріншісі, олар – интеллектуалды адамдар, екіншісі – таза саясаткерлер, үшіншісі – өз халқын жақсы көретін адамдар. Осы үшеуі де Тоқаевта бар, - деді ол.

Сондай-ақ саясаткер мұндай пікірді осы кезде айту керектігін еске салып қойды. Айтуынша, қазір айғайшылар көбейіп кеткен.

Сайлау мажоритарлы жүйеге өтуде. Жаңа партиялар пайда болды. Диванда жатып алып айғайлау – бір басқа, нақты халықпен кездесіп, әр адаммен сөйлесу оңай емес. Соны өз көзімізбен көрдік. Кім не десе де біз жаңа кезеңге көштік. Үлкен өзгерістер болады. Егер жаңа Парламентте біз болсақ, осы жұмыстың бәрімен айналысамыз, - деді «Байтақ» партиясының төрағасы.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02