×

«Түрмеде зорланған әйел бала тапқан»: ІІМ адвокаттың мәлімдемесіне пікір білдірді (ВИДЕО)

Айман Омарова оның түрмеде қысым көріп, соққыға жығылғанын да айтты

 Еркеғали Болатұлы 16.03.2023 | 16:55
фото: ашық дереккөз

Белгілі адвокат Айман Омарова Алматы облысына қарасты Жауғашты әйелдер түрмесінде жазасын өтеуші әйелдің бұрындары тергеу абақтысында зорланғанын әрі бала тапқанын жайып салған еді. ІІМ осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Құқық қорғаушының айтуынша, Наргиз Амраева бұған дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданының уақытша ұстау изоляторында отырғанда зорланғаны туралы арыз жазған. Сондай-ақ Айман Омарова оның түрмеде қысым көріп, соққыға жығылғанын да айтты.

«Қазір Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы Ұйғыр ауданының ӘӘК қызметкерлеріне қатысты сотталған Н. Амраеваның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. 11 наурызда Алматы облысы бойынша ҚАЖД №10 мекемесінің кезекші бөліміне сотталған Амраева Наргиз арыз жазды.

Өз мәлімдемесінде ол сотталған адам 10.03.2023 жылы сағат 17:35-те мекеме аумағындағы «балалар үйінде» басқа сотталушымен тұрмыстық негізде жанжал туындағанын түсіндірді. Жанжал кезінде сотталғандар бір-біріне аздап дене жарақатын салған.

Аталған факті бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы облысы Іле ауданы ПБ АҚЖ шақырылды. Оқиға ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген. Ал адвокатқа №10 мекемедегі азаптау туралы дәлелдері шындыққа сәйкес келмейтінін ескере отырып, ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершіліктің бары туралы ескертеміз», - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама