Заңда некеде тұрған отбасы мүшелерінің азаматтықты жеңіл алу мүмкіндігі талқыланады
Ресей өз елінде тұрақты тұратын Қазақстан, Беларусь, Молдова және Украина азаматтарына азаматтық алу құқығын жеңілдету үшін заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады РИА Новости.
Оңайлатылған тәртіппен азаматтық алу үшін Ресейде тұрудың талап етілетін мерзімін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқарту ұсынылып отыр.
Келесі заңда некеде тұрған отбасы мүшелерінің азаматтықты жеңіл алу мүмкіндігі талқыланбақ, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бұл заң жобасы 20-дан аса санаттағы тұлғаларға Ресей азаматтығына қабылданған кезде қойылатын талаптардың санын қысқартуды көздейді.
Одан бөлек, террористік сипаттағы, мемлекетке қарсы ауыр қылмыстар, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымы, құжаттарды қолдан жасау сияқты қылмыстар үшін азаматтықтан айыру көзделген.