×

Зеленский Бахмутқа қатысты мәлімдеме жасады

Ставкада қаланы ұстап тұруды және қорғауды одан әрі жалғастыру туралы ортақ пікірге келдік, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2023 | 16:03
фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Донецк облысындағы Бахмут қаласында болып жатқан шайқасқа қатысты ставканың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің ресми сайты хабарлады.

Басқосуда президент әскерилермен Бахмуттың болашағы туралы әңгімелесті.

Жиында Бахмут қаласының қорғанысы, оны қорғау мен тастап шығу мәселесі кеңінен талқыланды. Нәтижесінде қаланы ұстап тұра беру жөнінде шешім қабылданды.

Ставкада Бахмутты ұстап тұруды және қорғауды одан әрі жалғастыру туралы ортақ пікірге келдік. Бахмутты қорғай береміз, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, жиында елдің әскери басшылығымен майданның алдыңғы шебіндегі қорғаныс күштерін қажетті қару-жарақпен және оқ-дәрілермен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланған. Барлық жоспарларға келісім алынды.

Зеленскийден бөлек, отырысқа Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный, Барлау бастығы Кирилл Буданов, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов, Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, Үкімет басшысы Денис Шмыгаль мен басқа да лауазым иелері қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама