Молдова Украина батыры Мациевский туралы мәлімдеме жасады
Сарбазды өлтіруді соғыс қылмысы деп айыптады
Украина президенті Владимир Зеленскийдің жарлығымен Украина батыры атанған Александр Мациевский Молдова азаматы болып шықты. Бұл туралы Молдова Республикасы Сыртқы істер және еуроинтеграция министрлігіне сілтеме жасаған vesti.ua хабарлады.
Ресейліктер «Украинаның даңқы арта берсін!» деген сөзінен кейін әдейі атып тастаған Украина Қарулы күштерінің сарбазы Александр Мациевский шынында да Молдова азаматы болған.
Осыған байланысты Молдова Украинаны ерлікпен қорғаған әскери қызметкерді өлтірген басқыншыларды айыптады. Ведомство Александр Мациевскийді өлтіру фактісін соғыс қылмысы, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық заңдарды өрескел бұзушылық деп бағалайды. Молдова Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптайды және бұрынғысынша Украинаға қолдау білдіреді, – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, Молдованың Сыртқы істер және еуроинтеграция министрлігі Мациевскийдің жақындарына көңіл айтты.